Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мектепке баратын мезгіл»
02.09.2022

Қыркүйек – оқу жылының басы. Мектеп білімге ұмтылатындардың, жаңа және белгісіз нәрселерді білгісі келетіндердің барлығына есігін айқара ашады. Абонементтер бөлімінде білім күніне арналған «Мектепке баратын мезгіл» атты кітап көрмесі дайындалды.

Көрмеге түрлі энциклопедиялар, оқу құралдары, мектептің іс-шараларына арналған авторлық жинақтар, педагогикалық және ғылыми-көпшілік журналдардың іріктелген топтамасы және басқа да басылымдар қойылған.

Барлығыңызды кітапханаға келуге, көрмемен және оқу үдерісінде оқушыларға, педагогтарға, студенттерге, тәрбиешілер мен мектеп психологтарына, сондай-ақ білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мұғалімдер мен басқа да мамандарға пайдалы болатын оқулық, ғылыми-танымдық, көркем және басқа да әдеби басылымдарымен танысуға шақырамыз.

Көрме 1–14 қыркүйек аралығында жұмыс істейді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ