Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жұртының қамын жеген жырау»
25.08.2022

Абонементтер бөлімінде ақын, ойшыл Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына арналған «Жұртының қамын жеген жырау» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің көрнекті жеріне Д.Бабатайұлының «Шығармалары. Өсиетнама: өлендер мен дастандар» атты шығармалар жинағы, сондай-ақ ақынның өлеңдері енген «Бабадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Қазақ афоризмдері», «Поэты пяти веков», «Поэты Казахстана» кітаптары қойылған.

Қазақ пэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі болған ақынның өмірі жайындағы құнды деректер келтірілген кітаптар көпшілік үшін қызығушылық тудырады. «Олардың ішінен «Казахстан» ұлттық энциклопедиясын, «Литература Казахстана» энциклопедиялық анықтамалығын, «Абай» энциклопедиясын ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ Р.Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі» көп томдық басылымы, ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, философия ғылымдарының кандидаты Қ.Мұхамеджановтың зерттеулері, «Көп томдық шығармалар жинағы» да назар аударуға тұрарлық.

Барлығыңызды 25 тамыздан бастап жұмыс істейтін көрмемізді тамашалауға шақырамыз. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ