Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«ПРОчтение»: Бауыржан Момышулы «За нами Москва»
18.08.2022

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі «ПРОчтение» жобасын жалғастыра отырып Бауыржан Момышұлының «За нами Москва» повесіне арналған бейнероликті назарларыңызға ұсынады.

Бұл еңбек А.Бектің «Волоколамского шоссе» шығармасының тақырыптық жалғасы болып табылады. Мұнда ойдан құрастырылған оқиғалар да, қиялдан шығарылған қаһармандар да жоқ. Бұл адамның көз алдында болған немесе өзінің қатысуымен болған оқиғалар жайындағы жазбалары. Автор шындықты, өмірде орын алған қиындықтарды қаншалықты ащы және ауыр болса да жасырмайды. Бірақ бұл оның адамға деген жарқын сеніміне, қиын сәттерде жауынгерлеріміз бен офицерлерімізді тастап кетпеген жеңіске деген сеніміне селкеу түсірмейді.

«За нами Москва» повесінде Мәскеу түбінде немістерді тоқтатқан аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының ерлігі туралы айтылады. Мәскеу түбіндегі шайқастың моральдық өзгеріс үшін маңызы зор болды, ондағы жетістіктер сарбаздардың отаншылдық рухын көтерді және олардың жеңіске деген сенімін арттырды.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:https://www.youtube.com/watch?v=1PJ1_jCNoeQ


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ