Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітап және қаламгер»
09.08.2022

Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесінің бейнетаныстырылымдар циклін жалғастыруда. Көрмеге қазақстандық және қостанайлық авторлардың басылымдары қойылған.

Бүгін сіздердің назарларыңызға Серікбай Оспановтың «Ұлт ұстазы» атты еңбегін ұсынамыз. Екі тараудан тұратын жинақта ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы: оның поэзиясы, сыни және публицистикалық еңбектері, оның өміріне әсер еткен тұлғалар туралы баяндалады. Сондай-ақ кітапқа Ахмет Байтұрсынұлы жайындағы шетелдік ғалымдардың ой-пікірі мен ахметтанушылардың еңбегі де енгізілген.

Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымының бастамасымен жарық көріп отырған Серікбай Оспанұлының «Ұлт ұстазы» кітабы қалың жұртшылықтың игілігіне айналады деген үміттеміз.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:

https://youtu.be/b5SIO-nOeoc


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ