Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Домбыра – халықтың жаны»
28.06.2022

    Әмбебап оқу залы қолданушылардың назарына «Домбыра – халықтың жаны» бейнеконцертін ұсынады. Дәстүрлі ұлттық аспапты құрметтеу әрқайсымыз үшін маңызды. Бүгінде домбыра музыкасы үлкен қызығушылық тудыруда, ансамбльдер мен оркестрлер құрылуда. Аспаптың музыкасына деген сұраныс күн сайын артып келеді. Домбыра – шағын және жеңіл аспап, бірақ қандай дыбыстар шығара алады десеңізші! Домбырада кез келген жанрдағы шығармаларды орындауға болады. Домбыраның үні табиғат дыбыстарының барлық реңктері мен адамның жан дүниесін жеткізе алады.

   Бейнеконцерт – бұл таңғажайып аспаптың орындауындағы мазмұны терең музыканы тыңдауға мүмкіндік беретін және бір туындыға біріктірілген түрлі шығармалар.

       Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:

https://www.youtube.com/watch?v=msi5KK5LhNY


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ