Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Шылым шегуге уақыт жоқ»
26.05.2022

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімінде жыл сайын 31 мамырда атап өтілетін Дүниежүзілік темекісіз күніне арналған «Шылым шегуге уақыт жоқ» атты көрме-сауал жұмыс істей бастады.

Көрмеге А. Каррдың «Лёгкий способ бросить курить», «Как помочь нашим детям бросить курить», «Как стать счасливым некурящим» секілді әйгілі бестселлерлері қойылған. Автор никотинге тәуелділіктен біржола арылуға мүмкіндік беретін өзінің әдістемесін жасап шығарды. Р. Исаев «Бросить курить навсегда» кітабында темекіге тәуелділікті емдеудің қолданыстағы әдістеріне талдау жасайды. В. Ф. Левшин темекі шегумен күрес кезіндегі қиындықтарды және мәселелерді шешу жолдарын егжей-тегжейлі сипаттайды. Оқырмандардың назарына никотинге тәуелділіктің пайда болу себептері мен никотин тұзағының әрекет ету принциптері қарастырылатын кітаптар мен журналдар ұсынылған.

Толығырақ танысу үшін барлық тілек білдірушілерді ұсынылған көрмеге қатысуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ