Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әдеби десант Фёдоров ауданында
20.04.2022

Біздің кітапхананың жұмыс ауқымы көбіне облыстық, аудандық кітапханалармен арадағы ынтымақтастыққа байланысты. Әдеби десанттар  - бұл қостанайлық ақындар, прозаиктер, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлердің қалалық және ауылдық кітапханалардың оқырмандарымен, аудиторияларымен дәстүрлі кездесулері. Әдеби десанттың кезекті кездесуі 20 сәуір күні Фёдоров аудандық кітапханасында ұйымдастырылды.  Бұл жолғы кеш қонағы белгілі ақын, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,  профессор Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет. Кездесу кешіне мектеп, лицей оқушылары, Фёдоров ауданының әкімі Исабаев Тауба Қайыржанұлы  қатысты. Аталмыш шара екі тілде өтті. Кеш қатысушылары Ақылбек Қожаұлына шығармашылығы жайлы сұрақтар қойып, ақынның қазақ және орыс тілінде жазылған өлеңдерін оқып берді. Өз кезегінде А. Қ. Шаяхмет қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, өмір жолы жайында айтып берді және жүрекжарды жырларын оқыды.

Кездесу ыстық ықылас пен шынайы лебіздерге толы болды. А. Қ. Шаяхметтің шығармашылығы оқырман жүрегіне жол тауып,  көптеген қатысушылар кеш соңында автордан қолтаңба сұрады. 



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ