Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Путь длиною в 60 лет
15.04.2022

14 сәуір күні Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында қостанайлық жазушы және журналист, өлкетанушы Федор Микович Миннің «Путь длиною в 60 лет» атты мерейтойлық кеші өтті.

Федор Михович Қазақстанға жер аударылған кәрістердің отбасынан шыққан. Ол 1962 жылы 14 сәуірде Құсмұрында дүниеге келген. 1976 жылдан бастап Қостанайда тұрады. Өлең, проза жазады. Миннің барлық өлеңдері жанашырлыққа, адамдарға деген жылы лебізге толы. Сондай-ақ өз халқының тағдыры туралы ой толғайды. Журналист ретінде ол қолдауға мұқтаж қарт адамдар жайындағы мақалаларымен және очерктерімен танымал.

Қатысушылар жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығы бойынша қысқаша хабарлама тыңдады, сондай-ақ жаңа кітаптың тұсаукесеріне қатысты.

Мерейтой иесін құттықтауға Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК, корей этномәдени орталығының, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, А. Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ оқытушылары, қаламдастары, әріптестері, орыс драма театрының актерлері, достары мен туыстары келді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ