Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ғылым ешкімді зеріктірмейді»
08.04.2022

Құрметті оқырмандар! Ғылым – әр адамның өміріндегі ең маңызды, ең әдемі және қажетті нәрсе. Абонементтер бөлімі болған оқиғалар мен фактілерге негізделген зияткерлік әдебиеттер қойылған «Ғылым ешкімді зеріктірмейді» атты көрме-деректі ұсынады.

Назарларыңызға әртүрлі білім салаларына қатысты ғылыми-көпшілік басылымдар ұсынылады. Олардың ішінде «Я познаю мир» сериясы бойынша жарық көрген энциклопедиялар, білімдеріңізді түрлі мысалдармен, түсінікті түсіндірмелермен және ерекше тапсырмалармен толықтыруға және әртараптандыруға көмектесетін Я. И. Перелманның геометрия, физика, химия бойынша кітаптары және басқалар. Паскаль, Конфуций, Эйнштейн, Стивен Хокинг, Джо Диспенза секілді тарихи танымал тұлғалар мен қазіргі авторлардың және басқалардың жұмыстары үлкен қызығушылық тудырады.

Барлық тілек білдірушілерді 8–28 сәуір аралығында өтетін көрмеге қатысуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ