Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Президент жолдауындағы жаңалықтар»
07.04.2022

Әмбебап оқу залында «Президент жолдауындағы жаңалықтар» атты кітап көрмесі өз жұмысын жалғастыруда. 16 наурыздан бастап безендірілген көрме Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған.

Көрменің көрнекті жеріне Жолдаудың «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналында және «Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналында жарияланған мәтіні қойылған. Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті мен жалпы ұлттық «Казахстанская правда» газетінің мақалалары айтарлықтай қызығушылық тудырады. Ұсынылған барлық материалдар бүгінгі Жолдаудың ерекше маңыздылығын түсіндіреді, өйткені құжат саяси реформалар бағдарламасын және жақын арада жүзеге асырылуы тиіс бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды іске асыруға арналған.

  Көрме өз жұмысын ағымдағы жылдың соңына дейін жалғастырады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ