Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлы даланың ұлы мұрасы»
06.04.2022

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімінде келесідей авторлардың басылымдары ұсынылған «Ұлы даланың ұлы мұрасы» атты кітап көрмесі жұмысын жалғастыруда: Ахметова Ә. «Еуразия коды. Бесінші өркениет қарсаңында»; Бейсенбайұлы Ж. «Ұлы Даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері»; «Ұлы Дала елі. Страна великой степи» кітабы; М. Неталиевтің «Кіші жүз шежіресі» тарихи-этнографиялық зерттеуі; С. Назарбекұлының «Қазақтың киіз үйі» этнографиялық мәліметтер басылымы; «Қазақ салт–дәстүрлері» ұлттық дәстүрлер жинағы; Қазақстанның алғашқы этнографтары туралы танымал зерттеушілердің тартымды және қызықты түрде жазылған «Первые этнографы Казахстана» очерктері; «Анималистическая вселенная казахской культуры в диаграмме эпох»ғылыми-зерттеу жобасының қорытындысы, ҚР БҒМ ұжымдық монографиясы;  У. Х.Шәлекеновтың «Қазақ өркениеті» монографиясы; «Культ коня у казахов», автор А. Тоқтабайдың жылқымен байланысты салт-дәстүрлер туралы жинаған құнды материалдары; «Тюльпаны и другие луковичные растения Казахстана», А. О. Иващенконың Қазақстанның сәндік жағынан ең әдемі әрі бағалы жабайы өсімдіктеріне жазған очерктері, оның ішінде қызғалдақтың 50-ден астам түрінің сипаттамасы. Сондай-ақ көрмеде тақырып бойынша басқа да мазмұнды әдебиеттер ұсынылған.

Көрме жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ