Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Келімбетовтің кереметі»
01.04.2022

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға жазушы, аудармашы, түрколог, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Күлтегін ат. сыйлықтың және Франц Кафка ат. еуропалық сыйлықтың лауреаты,  Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Немат Келімбетовтің 85 жылдығына арналған кітап көрмесін ұсынады.

Көрнекті ғалым, танымал әдебиетші және талантты ұстаз өзінің үлкен еңбегімен ғылым мен әдебиетте үлкен жетістіктерге жетті. Әр жылдары оның «Древнетюркская поэзия и преемственность традиций в казахской литературе», «Литература древнего мира», «Преемственность художественных традиций», «Истоки казахской литературы» секілді іргелі еңбектері жарық көрді. Немат Келімбетов қазақ әдебиетінің ежелгі кезеңінің бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болып табылады.

Оның «Үміт үзгім келмейді» повест-монологы, «Ұлыма хат» эссесі және басқа да көптеген кітаптары әлемнің бірқатар тілдеріне аударылған және зиялы қауым арасында жоғары бағаланған. Н. Келімбетовтің әдеби мұрасы көптеген аудармалардан да тұрады. Олардың қатарында өзбек жазушылары Примкул Кадыровтың «Звездные ночи» және Саид Ахмадтың «Горизонт», армян жазушысы Леонид Гурунцтың «Наш милый Шушикент», украин жазушысы Василий Козаченконың «Молния» романдары бар.

Немат Келімбетовтің жоғарыда аталған барлық шығармалары мен оның өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер белгілі жазушының мерейтойына арналған көрмеде ұсынылған.

Барлығыңызды 2022 жылдың 01 және 29 сәуірі аралығында жұмыс істейтін көрмеге шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ