Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мәртебелі театр»
17.03.2022

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға 27 наурызда атап өтілетін Халықаралық театр күніне арналған «Мәртебелі театр» атты кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынады.

Бұл күні, әдетте, салтанатты іс-шаралар, концерттер ұйымдастырылады, актерлік шеберлік бойынша шеберлік сыныптары, қайырымдылық спектакльдері, жаңа қойылымдардың премьералары, талантты әртістермен кездесулер өткізіледі. Әлемдік мәдениет қайраткерлері театр актерлері мен өнер қайраткерлеріне жолдауларын қалдырады. Бұл жыл сайынғы дәстүр Халықаралық театр институты кеңесінің шешімімен пайда болды және 1962 жылдан бері жалғасып келеді.

Көрмеге театрлардың құрылу тарихы баяндалған кітаптар қойылған: «Костанайский областной русский драматический театр: История длиною в 90 лет», Меңдібай С. «Қасиетті қара шаңырақ: І. Омаров ат. қазақ драма театры», сондай-ақ жалпы театр туралы әңгімелейтін әдебиеттерді: Құндақбайұлы, Б. «Театр туралы толғаныс», «Әлемдік өнертану: Театр өнері», Байсеркеұлы, М. «Сахна сыры» және т. б. көруге болады.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:

https://www.youtube.com/watch?v=zXkjLBfapXg

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ