Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың рухани көшбасшысы»
28.02.2022

2022 жылы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында мемлекет қайраткері, ғалым, ақын, көсемсөзші, ағартушы және реформашы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдебиеттану жөніндегі еңбектері жарияланды.

Биыл бүкіл ел ғалымның 150 жылдығын атап өтуде. Ақпан айынан бастап Әмбебап оқу залында акция аясында Ахмет Байтұрсынұлы қызметінің барлық қыр-сырын ашатын «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың рухани көшбасшысы» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады.

Көрмеге А. Байтұрсынұлының басылымдары, сондай-ақ ғалымның шығармашылығы туралы мақалалар қойылған. Сонымен қатар көрмеде жазушы өмірінің түрлі кезеңінен түсірілген фотоқұжаттар ұсынылған.

Көрме жыл бойы жұмыс істейді және үнемі жаңа материалдармен толықтырылып отырады.




ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ