Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Өлеңмен өрілген өмір»
03.02.2022

   2022 ж. 03.02. Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері Қазақстан мен КСРО халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Өлеңмен өрілген өмір» атты іс-шарамен «Достық» оңалту орталығына барды.

  Роза Бағланованы жұрттың көбі қазақ опера және эстрада әншісі, ҚазКСР халық әртісі, кейін бүкіл КСРО мен тәуелсіз Қазақстан халық әртісі ретінде біледі. Алайда оның есімі елден тыс жерлерде де белгілі болды, ал кейбіреулері оны эстрадалық ән өнерінің негізін қалаушы және бастауы деп атайды. Өзінің дарындылығымен және керемет орындаушылық шеберлігімен ол өз халқының ғана емес, бүкіл әлемнің ерекше құрметі мен сүйіспеншілігіне ие болды. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлерді ерлікке шақырып, рух берді, ал соғыстан кейінгі кезеңде тыңдаушыларды әсем әндерімен қуантты.

  Роза Тәжібайқызы тұтас бір дәуірдің ұлттық символы болып табылады: ол А.Вертинскиймен, Г. Улановамен, М. Плисецкаямен, И. Ильинскиймен, А. Райкинмен, атақты Рихтермен және Шафранмен бір сахнада тұрды. Ол көптеген әлемдік мемлекет қайраткерлерімен: И. Сталин, Н.Хрущев, Л. Брежнев, Ким Ир Сен, Мао Цзэдунмен жеке таныс болды. Джавахарлала Неру мен Индира Гандида екі рет қонақ болды. Роза Тәжібайқызы қазақ халық музыкасын және Қазақстан композиторларының шығармашылығын дамытуға және насихаттауға зор үлес қосты. Оны Кеңес одағының мәдениет қайраткерлері «кішкентай қазақ» деп атады.

 Іс-шара барысында Р.Бағланованың өмірбаяндық кітаптары ұсынылды, сондай-ақ әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтер, халық әртісінің сөйлеген сөздерінен бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара жүрекке жылы, рухани түсіністік жағдайда өтті.

 



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ