Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Бір ағаштың бұтақтары: Армян әдебиеті
02.02.2022

Құрметті оқырмандар! ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына орайластырылған «Бір ағаштың бұтақтары» көрмелер циклінің жалғасы ретінде Абонементтер бөлімінде 1 ақпаннан бастап Армения әдебиетін ұсынатын кітап көрмесі жұмыс істей бастады.

Таулы табиғаттың қайталанбас сұлулығы, ежелгі христиан дәуірінен қалған дәулет пен өзіндік ұлттық мәдениет әлемдік мұраның мұрагері, өзіне тән ерекшелігі бар елдің –  Арменияның басты байлығы болып табылады. Өзінің көп ғасырлық тарихында армян халқы көп қырлы мәдени дәстүрді жасаушы және сақтаушы ретінде танымал болды.

Назарларыңызға ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі Армения тарихы туралы баяндалатын Сергей Глинканың «Обозрение истории армянского народа» және Сурен Айвазянның «Армянский след» кітаптарын ұсынамыз. Шетелдік кавказтанушы ғалымдар Дэвид Лэнгтің «Армяне. Народ-освободитель» және Мицос Александропулостың «Армяне: Путешествие в их страну и историю» еңбектері, сондай-ақ Аветик Исаакян, Ваагн Давтян, Зарзанд Дарян, Сильва Капутикян, Уильям Сароян, Наринэ Абгарян секілді белгілі армян ақындары мен жазушыларының көркем шығармалары да ерекше қызығушылық тудырады.

Барлық ниет білдірушілерді бір ай бойы жұмыс істейтін осы көрмені көруге шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ