Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Алаш партиясы және тарих тағылымы»
05.01.2022
Құрметті оқырмандар!

Абонементтер бөлімі назарларыңызға бірінші ұлттық-демократиялық партияның құрылғанына 105 жыл толуына орай «Алаш партиясы және тарих тағылымы» атты кітап көрмесін ұсынады. «Алаш» қозғалысының тарихы – өткеніміздің ең жарқын және толғандыратын беттерінің бірі. «Алаш» партиясының аты аңызға айналған қайраткерлері біз үшін сталиндік қуғын-сүргіннің құрбандары, қазақ халқының бостандығы үшін күрескерлер болып табылады. Көрмеге «Алаш қозғалысы», «Алаш: исторический смысл демократического выбора», «Аманаты Алаштың», «Алаш жолы», «Естеліктегі Алаш», «XXI ғасырдағы Алаштың ақ жолы», «Ұлт рухы», «Алаш мұрасы», «Алаштың ардағы» кітаптары қойылған, басылымдардан Алаш қозғалысының құрылу тарихымен, партияның саяси қайраткерлері туралы материалдармен танысуға болады. Көрменің негізгі мақсаты оқырмандардың отандық тарихқа деген қызығушылығын арттыру, өз Отанының тарихына құрметпен қарауға, отаншылдық сезімге тәрбиелеу болып табылады.

Барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ