Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жаңа дәуірдің көшбасшысы»
29.11.2021

29 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Тұңғыш Президент күні қарсаңында Абонементтер бөлімінің қызметкерлері «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» жеке мекемесінде осы мерекелік күнге арналған «Жаңа дәуірдің көшбасшысы» кітап көрмесіне шолу жасады.

Еліміздің тұңғыш Президенті тарихқа егемен Қазақстанның барлық жетістіктерімен байланысты адам ретінде, бүкіл қызметі өз халқына, Отанына қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде мәңгілікке енді. Оның басшылығымен елдің ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалары жүзеге асырылды.

Колледж студенттері Елбасы тұлғасының қарапайым металлургтен еліміздің дана Президентіне дейінгі қалыптасу жолын көрсеткен кітаптармен танысты. Сонымен қатар оларға Н.Назарбаевты қарапайым шығармашылық адам ретінде көрсететін бейнефильм ұсынылды. Іс-шара соңында студенттерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімді байқауға арналған викторина ұсынылды.

#Qazaqstan30

 

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ