Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Оның аты – Абдолла, заты – талант: қазақ балалар киносының атасы»
06.10.2021
Құрметті оқырмандар, Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Оның аты – Абдолла, заты – талант: қазақ балалар киносының атасы» атты кітап көрмесі ашылды. 

Оны қазақ кинематографиясының әкесі деп атайды және оның себебі де жоқ емес. Режиссер баланың жан дүниесін керемет түсіне білді және өзінің жобаларындағы басты рөлдерді балаларға берді. Абдулла Қарсақбаев өзінің аз, бірақ шығармашылыққа толы өмірінде дарынды қазақстандықтардың үлкен бір тобын тәрбиелеп шығарды, олар әлі күнге дейін   оны өкіл әке деп мақтаныш тұтады.

Отандық кино шеберінің қолымен және жан дүниесімен жасалған фильмдер ондаған жылдардан кейін де маңыздылығын жоғалтпай келеді. «Менің атым Қожа», «Путешествие в детство», «Тревожное утро»  – оның жұмыстары алғашқылардың бірі болып халықаралық кинофестивальдердің жүлдесіне ие болды.

Барлығыңызды бір ай бойы жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ