Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Дороги судьбы
05.10.2021
Жазушы Александр Каратаев украин авторы Николай Епифанович Жеребовтың кітабын кітапханаға табыс етті. Еңбек және отбасы шежіресі түрінде жазылған өзінің өмірбаяндық еңбегін ол «Дороги судьбы» деп атаған. Алайда онда еңбегімен Қостанай және Киев аймақтарының қуатын арттырғандар туралы мәтіндік және фотоматериалдар жеткілікті. Н. Жеребовтың балалық шағы Сібірде, білім алу және еңбек ету кезеңдері  Қостанай облысы мен Украинада өтті, қазір Киевте тұрады. Кітап оны ерекше адам – спорт шебері, Киев ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қостанай және Киев облыстарындағы құс шаруашылығының жетекшісі ретінде таныстырады. Сонымен қатар автор бұрынғы әріптестері мен басшыларға мінездеме бере отырып өткен жылдардағы оқиғаларды хронологиялық түрде баяндайды.

Кітаппен Өлкетану әдебиеттері бөлімінде танысуға болады. Басылым Қостанайдағы құс шаруашылығының тарихына қызығушылық танытатындардың және аймақтың атақты адамдарының өмірбаянымен танысқысы келетіндердің бәріне қызықты болмақ.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ