Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ризамын, туғаныма адам болып...»
04.10.2021
Құрметті оқырмандар!

Абонементтер бөлімі назарларыңызға қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Ризамын, туғаныма адам болып...» кітап көрмесін ұсынады.

Белгілі ақын тамаша поэмалардың, драмалық шығармалардың, көптеген әңгімелердің, очерктердің, әдеби-сын мақалалардың авторы болып табылады. Автор керемет әншілік және суырып салмалық талантымен танымал болды.

Көрмеге 3 томдық және 4 томдық шығармалар жинағы, таңдамалы шығармалары, өлеңдері мен поэмалары, аудармалары,  «Өзім туралы», «Дариға, сол қыз», «Нұрлы дүние», «Дауыл»,  «Светлый путь» және басқа кітаптары қойылған. Бұл кітаптар автордың үлкен де жан-жақты талантын, тілінің байлығы мен өткірлігін көрсететін ең үздік лирикалық бейнелерді қамтиды, сондай-ақ көрмеге Қасым Аманжоловтың өмірімен және шығармашылығымен танысуға болатын басылымдар қойылған.

Барлық ниет білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ