Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«XXI ғасыр кәсіптері»
21.09.2021

Құрметті оқырмандар!

Әмбебап оқу залы Еңбек күні мерекесіне арналған «XXI ғасыр кәсіптері» бейнехабарламасын дайындады.

Мемлекеттер адамдардың еңбексүйгіштігіне арқа сүйейді, халықтың еңбегінің арқасында елдер дамып, жаңа қалалар өсіп шығады. Үкімет мұны жақсы түсінеді және өз азаматтарын қолдап отырады. Сондықтан да Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Назарбаев 2013 жылы қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күнін енгізді.

Ұсынылған материалда болашақтың жаңа мамандықтары – ІТ-мамандар, 3D-модельдеу инженерлері, жаңартылатын энергия көздері жөніндегі инженерлер, «ақылды» қала құрылысы инфрақұрылымының, пилотсыз авиациялық жүйелердің сәулетшілері мен жобалаушылары,   өндірісті автоматтандыру кезеңінде сұранысқа ие графикалық және мультимедиялық дизайнерлер туралы айтылды.

Мамандықтарды іріктеу ҚР 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, ҚР индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бағдарламасына және т.б. негізделген.

Ақпарат мамандық таңдау туралы ойланып жүргендерге болашаққа дұрыс қадам жасауға көмектеседі.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=XtbAJsJW3mw


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ