Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Көңіліңді көтерер күйтабақтар»
21.06.2021

Құрметті оқырмандар! 

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға дәстүр бойынша 21 маусымда атап өтілетін Винилді күйтабақтар күніне арналған «Көңіліңді көтерер күйтабақтар» кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынады.

1948 жылдың 21 маусымында «Columbia Records» фирмасы 33⅓ мин/айн айналу жылдамдығына есептелген, ұзақ ойнайтын 12-дюймдік күйтабақты сатылымға шығарды. Осы нұсқа бүкіл музыка индустриясы үшін стандартқа айналды, тіпті цифрлық дәуірде де танымалдығын жоғалтпай, осы бағыттағы өнімдердің үлгісі болып қалып отыр.

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде 10 мыңнан астам винилді күйтабақтар бар. Олардың арасында Қазақ КСР халық әртістерінің атақты шығармалары, отандық эстраданың аңыздары: Р.Рымбаеваның, «Дос-Мұқасан» вокалдық-аспаптық ансамблінің, камералық және опера әншісі Е. Серкебаевтің, сондай-ақ Ресей эстрадасының атақты музыканттары Л. Лещенконың, И. Кобзонның, А. Пугачеваның, В. Высоцкийдің және т. б. басқа шетелдік орындаушылардың әндері бар.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=AZqqFDFpnfY


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ