Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Май ауылындағы әдеби десант
15.06.2021

Біздің кітапхананың жұмысы көп жағдайда облыс және аудан кітапханаларының жұмысымен тығыз байланысты. Әдеби десанттар – бұл қостанайлық ақындар, жазушылар, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлердің қалалық және ауылдық кітапханалардың оқырмандарымен және аудиторияларымен болатын дәстүрлі кездесулері. Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуына қолдау көрсету жылы аясында 15 маусымда Май ауылдық кітапханасында кезекті әдеби десант өтті. Кездесудің қонағы белгілі ақын, педагог, білім беру саласының үздігі, ересектер мен балаларға арналған поэтикалық жинақтардың авторы Александра Ильинична Суслова болды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, жергілікті ақын Кузнецов Виктор Иванович, сондай-ақ Май округі әкімі аппаратының бас маманы Сәрсенбаева Гүлнар Шұбартайқызы қатысты. Александра Ильинична жиналғандарға өзінің жарық көрген жинақтары мен кітаптары туралы, туған өлкеге деген сүйіспеншілігі, шығармашылық және өмір жолы туралы айтып берді, сондай-ақ өлеңдерін оқыды. Александра Суслованың шығармалары Май ауылдық кітапханасы оқырмандарының көңілінен шыққанын айта кеткен жөн.

Іс-шараның соңында ақын Виктор Кузнецов өз шығармашылығымен бөлісті.

Кездесу жылы және достық жағдайда өтті. Май кітапханасының жетекшісі Светлана Николаевна Король одан әрі бірлесе жұмыс істей беретінімізге үміт білдіріп, іс-шара қонағы мен ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ