Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Халықаралық оқырмандар марафоны
17.05.2021

17 мамырда Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы мен филология ғылымдарының магистрі, оқытушы, Тюмень қаласының ақыны Светлана Глебова ұйымдастырған 1-ші халықаралық оқырмандар марафоны аяқталды. Жоба балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын насихаттау мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. Ай бойы марафонға қатысушылар 3 ірі шығарманы: Пауло Коэльоның «Алхимик» тәмсіл романын, Мариам Петросянның «Дом, в котором…» көлемді романын және Джэром Сэлинджердің «Над пропастью во ржи» атты әлемдік бестселлерін оқыды. Сонымен қатар қатысушылар алған әсерлерімен белсенді бөлісіп, Инстаграмдағы тікелей эфирде әдебиет саласының сарапшыларын тыңдады. Марафон қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттар алды. Олардың ішіндегі ең белсенділері Марусанич Даниил, Анастасия Загарских және Никита Ерушенко болды. Мұндай оқырмандар марафоны жыл сайын өтіп тұратын болады деп үміттенеміз. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ