Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»
03.03.2021
2021 жылдың 2 наурызында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Қостанай облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» КММ-де Алғыс айту күніне арналған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» концерттік бағдарламасын өткізді. Іс-шараға жиналғандарды «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Рагим Абилов құттықтап сөз сөйледі. Ол музыкалық тарту ретінде лезгинка биін билеп берді. Светлана Обухова мен «Раздолица» ансамблі көрермендерді казактардың әндерімен қуантты.

Мерекелік шараның қонақтары – Оңалту орталығының емделушілері мен қызметкерлері мерекенің шығу тарихымен танысып, достық жайындағы мақалдар мен мәтелдерді атады, бейнероликтер қарады.

Бағдарлама барысында әуесқой әртістер Исмадярова Гүлқайша, Карпенко Александр мен Күлпаштың отбасылық жұбы орындаған музыкалық нөмірлер қонақтардың көңілін көтерді. Шара соңында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөліміне «Қостанай облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» КММ атынан алғыс хат тапсырылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ