Бүгін «Парасат жолы» орталығында Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының басшысы, айтыскер-ақын Марғұлан Бақытбекұлы Оспановпен сұхбат өтті. Сұхбат барысында Марғұлан Бақытбекұлы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысында мәдени орындардың маңызы жайлы айтып өтті. Ыбырай Алтынсариннің мұраларынан тәрбиелік мәні бар үзінділер көрсетті және айтыс кезінде жемқорлық жайында айтылған жырларын оқып берді. Сұхбат соңында «Парасат жолы» жобасына сәттілік тіледі.