Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Өзекті ақпарат
04.03.2020

Құрметті оқырмандар!

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі назарларыңызға «Ақпараттар ағымы» көрмесін ұсынады.

Көрмедегі тақырыптық жедел сөрелер өзекті тақырыптардың пайда болуына байланысты безендіріледі және мемлекетіміздің дамуындағы маңызды кезеңдерді көрсетеді.

Пайдаланушылар назарына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы және «Жыл кітабы – 2020» акциясы туралы ақпарат ұсынылған.

Биыл қазақстандықтардың жалпы халықтық оқуы үшін екі шығарма: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» және Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» таңдап алынған.

Оқырмандар көрмеден мемлекетіміздің саясатын көрсететін соңғы жылдардағы бағдарламалық басылымдармен таныса алады:

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»: ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдауы;

«2050 стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (2012);

ҚР тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» (2017) және «Ұлы даланың жеті қыры» (2018) мақалалары.

Сондай-ақ көрмеге оқырмандарды өңіріміздің тарихымен таныстыратын кітаптар қойылған.

Барлық тілек білдірушілерді көрмені тамашалауға шақырамыз.

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ