Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Сұлу сөз»
03.03.2020

2 наурызда кітапхананың әдеби қонақжайында әуесқой әдебиетшілердің халықаралық Поэзия күніне арналған музыкалық-поэтикалық отырысы болды. Алғаш рет отырыс аясында Қостанай қ. студенттері мен оқушыларының қатысуымен «Сұлу сөз» мәтінді мәнерлеп оқушылар байқауы өтті. Қазылар алқасының құрамына ақын және қоғам қайраткері Аркадий Денисов, әндердің авторы және орындаушы Наталья Закора, ақын Евгений Демидович, актер және театр педагогы Нелли Жуламанова, театр студиясының жетекшісі Анастасия Серикова кірді. Қатысушылар байқауға өте жауапты дайындалды: өлеңдер тақырыбымен де, жеткізу мәнерімен де ерекшеленді. Тіпті ең кішкентай өлең оқушылар да орындайтын шығармасын өзінің қалай қабылдайтынын жеткізуге тырысты. Олардың барлығына қатысқандары туралы сертификаттар берілді, бірнеше адамды қазылар алқасы ынталандыру сыйлықтарымен атап өтті, ал жеңімпаздар дипломдар мен тамаша кітаптардан сыйлық алды. Марапаттау салтанатынан кейін қазылар алқасының әр мүшесі байқау туралы өздерінің пікірлерін білдірді, ал Евгений Демидович мен Аркадий Денисов орындаушылықтың түрлі мәнерін көрсетіп, бір-бірден өлең оқыды. Бұл шараның жастарды поэтикалық шығармашылыққа тартуға, олардың ой өрісін кеңейтуге, сондай-ақ әдебиетке және жалпы өнерге деген қызығушылықтарының артуына әсер етері сөзсіз.  

Әуесқой әдебиетшілердің отырысы «63» және «Территория Ра» топтарының өздерінің авторлық әндерін орындауларымен аяқталды. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ