Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қарабалықтағы «Әдеби десант»
04.02.2020

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК биылғы бірінші «Әдеби десанты» Қарабалыққа келді. № 2 мектепте белгілі ақын, жазушы, драматург Ақылбек Қожаұлы Шаяхметпен және ақын, аудармашы Әбдірахман Серғалиұлы Досовпен кездесу өтті.

Бұл сапарға Қарабалықта әдеби студияның ашылуы себеп болды. Танымал қостанайлық жазушылар Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК әдеби орталығының бұл бастамаға қолдау көрсетуді ұсынған өтінішіне қуана келісті.

Кездесуге жас авторлармен қатар, әдебиетті ұнатушылар да қатысты. Олар қонақтарға көптеген сұрақтар қойды: олардың шығармашылық жоспарларына, өнерге деген көзқарасына, еліміздегі және шетелдегі кітап баспасының қазіргі кездегі жағдайына қатысты пікірлеріне қызығушылық танытты. Кездесу біртіндеп бейресми досжарлық әңгімеге ауысты.

Өз кезегінде жоғары деңгейдегі қарсы алудан шабыт алған А. Қ. Шаяхмет пен Ә. С. Досов барлық сұраққа жан-жақты және тартымды жауап берді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ