Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«“Ұлы даланың жеті қыры”: қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
11.10.2019

10 қазанда «”Ұлы даланың жеті қыры“: Қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысы Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК жалғасты.   Бұл жерде ақпараттық сауаттылық және ақпараттық мәдениетке, квестер мен тиімді қарым-қатынас орнатуға арналған түрлі тренингтер өтті. Облыстық  кітапхананың аумағында әрқайсысында кітапхана саласындағы мамандарға із жүзінде қолдануға болатын пайдалы ақпарат берген төрт секция жұмыс істеді. Жоғары белсенділік танытқан қатысушылар спикерлер мен жаттықтырушыларға көптеген сұрақтар қойылды.

Тренингтер аяқталғаннан кейін конференцияның қорытындысы шығарылды және қарар қабылданды.

Конференцияның жұмысына қатысқан 170 адамның ішінде республиканың ұлттық және мемлекеттік кітапханаларының, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың, жоғары және орта оқу орындары кітапханаларының басшылары мен мамандары, облыстың ғылыми және шығармашылық қауымының өкілдері, Ресей Федерациясынан келген әріптесіміз болды.

Қорытынды қарарда іс жүзіндегі қажетті шаралар мен алдағы уақытта атқарылар жұмыстардың қатарында конференцияға қатысушылар кітапханаларды цифрландыру жұмыстарын жалғастыруға, мәдени мұраны сақтау және өлкетану әдебиеттерін насихаттау бойынша жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін іздестіруге,  пайдаланушыларды туған өңірдің тарихымен таныстыруға, отаншылдық сезімін тәрбиелеуге, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға, жергілікті мемлекет билігінің қаржы бөлуді арттыруына және кітапхана жанынан жаңадан білім орталықтарын ашуға назар аударды.

Конференцияның барлық қатысушылары мұндай шаралар өзара тәжірибе алмасуға, кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге, жұмыстың жаңа әдістері мен жолдарын іздестіруге, кітапханалардың қоғамдағы рөлін нығайтуға ықпал етеді деген пікірге келді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ