Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ердің атын еңбек шығарар
27.09.2019

Еңбек күнін атап өту мақсатында жұмысшы мамандықтар өкілдерімен өткізілген беделді кездесу осылай аталды. Шараға «Қостанай Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының инженер-электригі Николай Дудник пен халықтың қолданбалы өнерінің тігінші-қолөнер шебері Райхан Рахалиева қатысты. Николай Владимирович өз сөзінде жұмысшы мамандығын игеруіне ненің себеп болғанын және тұрғындарды сумен қамтамасыз етудің маңыздылығы мен жауапакершілігі жайлы айтып берсе, Райхан Тоқтарбайқызы өзінің шеберлігінің құпияларымен бөлісті, өзінің жұмыстарын көрсетті. Қонақтар толыққанды дамуы және әлеуметтік ортада өзгелермен тең болуы үшін еңбектің әр адамға қажет екендігіне бірауыздан келісті.

Шара «Өмір сүру дегеніміз – еңбек ету» кітап көрмесімен және музыкалық нөмірлермен сүйемелденді. Шараға Қостанайдың арнайы орта оқу орындарының оқушылары келді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ