Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Тіл білімінің абыз анасы
26.07.2019

Әмбебап оқу залында белгілі тілтанушы, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Р. Ғ. Сыздықованың 95 жылдығына арналған «Тіл білімінің абыз анасы» атты көрме-дефиле дайындалды.

Р. Ғ. Сыздықованың жетекшілігімен қазақ әдеби тілі мен қазақ тілі мәдениетін дамыту мәселелері әзірленді. Рабиға Ғалиқызы этимологиялық, лексикологиялық ізденістер бойынша жұмыстарға жеткешілік етті, 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» редакциялауға қатысты. Ол қазақ лингвостилистикасының ғылыми бағытының негізін қалап, А. Байтұрсынов шығармашылығын зерттеді.

Көрмеде семантика мәселелеріне арналған алғашқы зерттеулердің бірі болып табылатын Р. Ғ. Сыздықованың «Тіл ғұмыры» атты кітабы ұсынылған. Өз жұмысының мақсатын анықтай отырып, автор былай деп жазады: «Біз үшін ең алдымен сөздердің немесе сөз тіркестерінің семантикалық қозғалысын анықтау және зерттеу маңызды болды.

Профессордың ғылыми еңбектері отандық лингвистикадағы маңызды қадамдар мен қазақ тарихи семасиологиясын дамытуға қосқан елеулі үлесі болып табылады.

Көрме бір ай бойы жұмыс істейтін болады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ