Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«MediaLitFest»
24.07.2019

23 шілдеде Л. Толстой ат. облыстық кітапхана А. Байтұрсынов ат. ҚМУ-мен бірлесіп журналистер, педагогтар, кітапханашылар, студенттер мен оқушыларға арналған «MediaLitFest» фестивалін өткізді. Бұл біздің облыс үшін бірегей оқиға медиасауаттылық мәселелеріне арналды. Біз жаһандық коммуникация дәуірінде өмір сүреміз. Сондықтан бүгінгі күні ақпаратпен сауатты жұмыс істей білу көптеген мамандар үшін кәсіби құзыреттіліктің бір бөлігіне, қазіргі замандағы жеке тұлғаны әлеуметтендіру шартына, тез өзгеретін социумдағы адамның табыстылығының факторына, сондай-ақ жеке тұлғаның әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыру тәсіліне айналады.

Спикерлер мен коучтердің сөз сөйлеуі аудиторияның сөзсіз қызығушылығын тудырды, олардың әрқайсысы өзінің кәсіби тәжірибесіне сүйеніп отырды.

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі Жүсіпова Алматай Мергенбайқызы журналистік білім беру контекстіндегі медиасауаттылықтың маңыздылығы туралы, «Алау» ТРК директоры Сүлейменов Алмат Мәрденұлы «Алау» ТРК мысалында дәстүрлі БАҚ-дағы сандық құралдарды іс-тәжерибеде қолданыу туралы айтып берді. «ТобылИнфо» ақпараттық агенттігінің редакторы, «Қостанай Медиа» Директорлар кеңесінің мүшесі Серғазинова Александра Кабдуллаевна – Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының ерекшеліктерін түсіндірді. Журналист және фотограф Николаус Мармалиди фейк ақпаратын және фейк фотосуреттерін тану бойынша тренинг өткізді. Құқық қорғаушы, блогер және коуч Владимир Алексанин әлеуметтік желілердегі өшпенділік тілі, әлеуметтік желілерді жүргізудің статистикалық және заңдық аспектілері туралы білімімен бөлісті. Психолог Роза Қозыбаева психологиялық тренинг өткізді, ол ақпаратты және олардан қорғану құралдарының көмегімен адамдармен айла-шарғы жасау тәсілдерін көрсетті. Студенттер мен оқушылар үшін қызықты және танымдық квесттер ұйымдастырылды.

Барлық қатысушылар фестиваль жұмысына белсенділікпен қатысып, қызығушылық танытты. Өйткені қазір олардың әрқайсысы өзінің кәсіби қызметінде және күнделікті өмірде ақпараттың тұтынушысы ғана емес, сонымен қатар оны түрлі әлеуметтік желілерде белсенді таратушысы болып табылады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ