Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
18.07.2019

Екінші жарты жылдық ішінде әмбебап оқу залында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» экспресс-көрмесі жұмыс істеуде.

Өзінің дүниеге келген сәтінен бастап бала әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Оның мінез-құлқы қоршаған ортамен байланыс орнатуға бағытталған, бұл оның өсуі мен дамуы үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Сондықтан баланың әлеммен өзара іс-қимылының кез келген бұзылуы, онымен қатал қарым-қатынас әлеуметтік, зияткерлік және эмоциялық дамуының бұзылуына әкеледі.

Көрме материалдары әр балаға өмір сүру және толыққанды даму үшін қажетті барлық жағдайларды көрсетеді.

«Воспитание без стресса» кітабында доктор Марвин Маршалл баланы сәтті, дербес және жауапты етіп өсіру туралы әңгімелейді. Бүкіл әлем бойынша миллиондаған ата-аналар осы кітапты оқығаннан кейін балалармен қарым-қатынас жасау оңайырақ болғанын, ал отбасындағы қарым-қатынас жылы және шынайы болғанын мойындайды. «Профилактика жестокого обращения с детьми» құралы еліміздің болашағы үшін алаңдайтын пікірлестердің еңбегінің нәтижесі болып табылады. Бұл құрал түзету педагогтары мен психологтарына, балаларға арналған білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне пайдалы.

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ