Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Көп түсті палитра» көрмесінің жабылуы
17.07.2019

16 шілдеде «Көп түсті палитра» көрмесінің салтанатты жабылуы өтті, онда оқытушы Баян Жолдыбайқызы Баталованың жетекшілігімен «Қостанай қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» оқушыларының жұмыстары ұсынылды. Көрмеде батик, құрғақ киіз, май, акварель, саздан мүсіндеу техникаларында орындалған 30-дан астам жұмыс ұсынылды.

Бір ай бойы кітапхана оқырмандары мен қонақтары осы жылы, әдемі және қызықты көрмені көре алды. Ұсынылған жұмыстардың өте жоғары деңгейін атап өту керек. «Назарбаев зияткерлік мектебінің» физика-математикалық бағытына қарамастан, онда оқушылардың шығармашылық дамуына маңызды рөл бөлінеді. Мектеп базасында 25 үйірме жұмыс істейді. Балалар әр түрлі халықаралық және республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жақында олар ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясына қатысты.

Баян Баталованы құттықтауға халықаралық байқауларда құрғақ илеу техникасындағы жұмыстары атап өтілген оның оқушылары келді: Жармағамбетова Әйгерім және Болатова Гүлназ. Сондай-ақ, достары мен әріптестері: Шалунова Светлана Ивановна - Никифоров ат. көркем сурет мектебінің оқытушысы, қостанайлық суретші Олег Кусков және бұрынғы оқушысы, қазіргі  әріптесі - Динара Сәдуақасқызы Қыпшақбаева. Баян Жолдыбайқызы туралы көп жылы сөздер айтылды. Ал біз балаларға және олардың ұстазына шығармашылық табыс тілейміз және олармен тағы бір рет кездесуге үміттенеміз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ