Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Бар дәуірдің ақыны» атты кітап көрмесі
09.07.2019

Әлемге әйгілі ақын, драматург, прозашы Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына орай «Бар дәуірдің ақыны» атты кітап көрмесі жұмысын жалғастыруда. Әдебиеттің сыншысы және теорияшылы, тарихшы және публицист А. С. Пушкин - XIX ғасырдың беделді әдебиет қайраткерлерінің бірі. Ол қазіргі орыс әдеби тілінің негізін қалаушы болып табылады.

Пушкин дәуірі өткеннің еншісінде. Бірақ кітапты қолға алған сәттен барлығы жанданады: май шаммен хат жазған Татьяна, сергелдеңге түскен Борис Годунов және терезенің жанында қалғыған Арина Родионовна, өз шығармаларына жан, талант, ар-ұят бітірген ақынның өзі.

Экспозицияда Пушкиннің сирек кездесетін, құнды басылым оның лицейлік өлеңдері енгізілген 1937 жылғы толық шығармалар жинағының бірінші томы да бар. Поэмалар, ертегілер, өлеңдерден құрылған үш томдық шығармалар 1937 ж., «Капитанская дочка» 1937 ж., «Египетские ночи» 1936 ж., «Медный всадник» 1936 ж., «Моцарт и Сальери» 1936 ж. және тағы басқалары.

Барлық классикалық әдебиетті сүйетіндер мен бағалаушыларды кітапхананың екінші қабатының фойесінде орналасқан көрме материалдарымен танысуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ