Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз»
20.06.2019

1987 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымды Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі саудасымен күрес күні ретінде атап өту туралы қаулы қабылдады. Осы күнге арнап әлемнің көптеген елдерінде халыққа, ең алдымен жастарға есірткі тұтынудың зияны мен салдары жайындағы ақпарат беруге және саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ағартушылық шаралары мен акциялар өткізіледі.

Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК бұл шараға қосылады және сіздердің назарларыңызға «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз» көрме-ескертуін ұсынады. Көрмеге жаңадан түскен кітаптар қойылған – бұлар есірткіге тәуелді болып қалғандарға, ауру жұқтырғандар мен олардың жақындарына арналған кітаптар сериясы. Кітаптың авторы – «Зебра» оңалту орталығының директоры Екатерина Савина. Кітаптар сериясына оның төрт кітабы енді. Сіздердің назарларыңызға олардың үшеуін: «Возвращение Кая», «Духовной жаждою томим», «Я люблю его…» кітаптарын ұсынамыз.

Көрме 2019 жылдың 19 шілдесіне дейін жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ