Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жыршыл жандардың жырлары»
07.06.2019

6 маусымда А. С. Пушкиннің ескерткіші жанына оның талантын құрметтеушілер: белгілі және жас әдебиетшілер, педагогтар, әртістер, А. И. Никифоров ат. сурет мектебінің оқушылары жиналды. Бұл күні Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы ұлы ақынның туғанына 220 жыл толуына арналған әдеби кеш өткізді. Ұйымдастырушылар көрермендер үшін Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы бойынша театрландырылған қойылым, викторина және оның өмірінен қызықты деректер дайындады.

Қонақтардың ішінде қостанайлық ақындар Әбдірахмен Досов, Анатолий Корниенко, Николай Кочин, Николай Ковтун, Евгений Демидович, Татьяна Кайгородцева, актер және режиссер Валерий Захарьев, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушысы, профессор Юрий Бондаренко болды. Шараға жиналғандардың барлығы А. С. Пушкиннің шығармашылығын өздерінің қалай қабылдайтындары туралы үлкен құрметпен және шабыттана айтып берді, ақынның өлеңдерін және өздерінің оған арнаған шығармаларын оқыды. Өтіп бара жатқан көптеген адам қызығушылық танытып тоқтап және айтылғандар мен оқылғандарды тыңдап жатты.

Кеш А. С. Пушкиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ