Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өнер туралы әдебиеттер бөлімінде 2019 жылдың 14 ақпанында қостанайлық суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Александр Шалуновты еске алуға арналған «Жүректен туған туындылар» көрмесінің ашылуы болды.
Александр Петрович көркем-өндірістік шеберханада бас суретші болып істеді, көркем сурет комиссиясының, ҚР Суретшілер одағының мүшесі болды, 10 жылға жуық ҚР Суретшілер одағының Қостанай филиалына жетекшілік етті. Оның жұмыстары нәзіктігімен, жүрекке жақындығымен, алуан түрлілігімен және шеберлігімен әлі күнге көрермендердің көңіліне қуаныш ұялатады.
Кездесуге Александр Петровичтің достары мен әріптестері – Соков Георгий Михайлович, Торшин Николай Васильевич, Захарченков Александр Васильевич және басқалар келді. Суретшінің тустары кейбір картиналардың жазылу тарихы жайында айтып берді, оның өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты деректермен таныстырды.
Кітапхана фойесінде суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған 30 графикалық жұмысы қойылған.
Кітапхана барлығыңызды Александр Петрович Шалуновтың суреттерімен танысуға шақырады!