Әмбебап оқу залы аталған әдеби оқиғаға арналған «Қазақтың қос бәйтерегі» кітап көрмесімен танысуға шақырады.
Көзге көрінетін «Әбділда Тәжібаев: қазақ поэзиясының пырағы» және «Әбіш Кекілбаев: өмір мен аңыз» атты екі бөлімнің көрнекті жерлеріне аталған авторлардың шығармалары және олардың өмірі мен шығармашылықтары жайындағы тамаша туындылар қойылған.
Сондай-ақ барлық кітап оқығанды ұнататындар үшін 12 жыл ішіндегі республикалық акция авторларының шығармаларына арналған «Ұлы дәуір ұлағаты» бөлімі ұсынылады. Бұл бөлімге өткен акциялар аясында өзіміз оқыған Абайдың, М. Әуезовтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Молдағалиевтің, Ж. Аймауытовтың, О. Бөкеевтің, Ф. Оңғарсынованың, С. Мұратбековтың, І. Есенберлиннің, Д. Бабатайұлының, С. Торайғыровтың шығармалары қойылған. Өткен жылы акцияға өзгерту енгізіліп, біз бірден үш кітапты: Шәкәрімнің, Б. Момышұлының, Н. Келімбетовтың шығармаларын оқыған болатынбыз.
Қазақ әдебиетінің тарихына қатысты кітаптар мен республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысты ресми құжаттар қойылған «Әдебиет және дәуір» бөлімі назар аударуға тұрарлық.
Аталған акцияға белсенді қатысуға, 2019 жылдың басты шығармаларын оқып шығуға, олар туралы достарыңызбен, таныстарыңызбен және отбасы мүшелеріңізбен пікір алмасуға шақырамыз.
Көрме үстіміздегі жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады. Барлығымыз кітап оқиық!