Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақстан Республикасының Конституциясы – тұрақты мемлекеттің тұғыры» атты кітап көрмесі. (30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні)
03.08.2018

«Қазақстан Республикасының Конституциясы – біздің тәуелсіздігіміздің негізі болып табылады. Ол мемлекет тәуелсіздігін нығайта түседі»

Н. Назарбаев

Конституция күні – мемлекеттің басты мерекесі болып табылады. Осы күнге абонемент бөлімінде оқырмандар назарына «Қазақстан Республикасының Конституциясы – тұрақты мемлекеттің тұғыры» атты кітап көрмесі ұсынылады.

Көрмеде конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың еңбектері, қазіргі Конституцияны дайындау мен қабылдау сонымен қатар оның рөлі туралы әдебиеттер, қазақстандық мемлекеттілікті нығайту жинақтары ұсынылған. Оқырмандар назарын аударарлық қазақ және орыс тілінде жазылған кітаптар бар, олардың арасында - «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік дәуірі», «Стратегия независимости», «Становление Конституции Республики Казахстан», «Основные законодательные акты о языках в РК», «Этнос и религия» жәнебасқалар.

Көрме 2018 жылдың 1 тамыз айынан бастап 3 қыркүйек айына дейін істейді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ