Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жаз. Кітап. Кітапхана.
22.06.2018

Көптен күткен жаз да жетті. Табиғат аясында демалып, таза ауада кітап оқығыңыз келе ме? Жазғы абонемент барлық кітап оқығанды ұнатушыларды қалалық мәдениет және демалыс (орталық сквер) паркіне шақырады. Кітапты қалалық өмірдің бір бөлігі ретінде көрсету мақсатында «Жазғы кітап оқу – қалағаныңша оқы!» кітап көрмесі безендірілді.

Абонементтер бөлімінің қызметкерлері әдебиеттердің тақырыбын негізінен олардың өзектілігіне, алуан түрлілігіне және қаншалықты сұранымға ие екендігіне қарай таңдады. Көрмеге 100 жуық кітап қойылды. Олардың негізін қазіргі кезде шығып жатқан жаңа әдебиеттер құрады. Олардың ішінде классика да, қазіргі кездің прозасы да, фантастика мен ағылшын тіліндегі кітаптар да бар. Сондай-ақ қалалықтарды «Мәдени мұра», «Іскер оқу», «Медицинаның жаңа әдебиеттері», «Гүл кесте» секілді шағын тақырыпшалар мен т. б. көбірек қызықтыратыны сөзсіз.

Көрменің жанындағы орындықтарға орналастырылған түрлі тақырыптағы журналдармен, мысалы «Игілік», «Жұлдыздар отбасы», «Караван историй», «Лиза», «Отдохни», «ФИС» және т. б. көптеген журналдармен танысуға болады.

Кітапты тегін оқуға, қарап шығуға болады. Ұнаған кітап болса, кітапханадағы формулярды толтырып үйге алуға да болады.

Ашық алаңның әр келушісі кітапханашылардан кітапхананың ресурстары мен мүмкіндіктері жайындағы ақпарат жазылған жарнамалық парақшалар ала алады.

Осы жерде дәмі әртүрлі балмұздақты немесе жаңадан түскен әдеттен тыс дәмді татып көруге болады.

Жазғы абонемент дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ