Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Алдамжар Зұлхарнай Алдамжарұлы

1937 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы Махамбет ау-даны Сарайшық кентінде дүниеге келген. 1962 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (қазір Х. Дос-мұхамедов ат. университет) тарих факультетін үздік бітіріп шығып, кейін оқытушы, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы лауазымдарында қызмет етті. 1967 - 1970 жж. аралығында Қазақ КСР-ның Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аспирантурасында білімін жетілдірді. 1980-1989 жж. аралығында Атырау педагогикалық институтында ғы-лыми жұмыстарының проректоры болды. 1989 ж. 28 сәуірінде конкурстық негізде Қостанай педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды. Зұлхарнай Алдамжарұлы 1992 ж. Қостанай педагогикалық институтына Қостанай мемлекеттік университеті мәртебесінің берілуіне және оның кейінірек Ахмет Байтұрсыновтың атымен аталуына қол жеткізді. 2001 ж. мамыр айынан бастап Қостанай әлеуметтік академиясының ұйымдастырушысы және президенті міндетін орындауға кірісті.

«Парасат» орденімен, медальдармен, ерекше белгілермен, құрмет грамоталарымен марапатталған. 1993 ж. оған Техас (АҚШ) штатының құрметті азаматы атағы берілді. 2005 ж. қарашасында қайтыс болды.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ