Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Электртехника және электроника негіздері (электроника)
31.2я73
Е 69
Ермағанбетов, Қ. Т.
Электртехника және электроника негіздері (электроника) [Мәтін] : оқулық. 2-бөлім / Қ. Т. Ермағанбетов, Л. В. Чиркова. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2019. – 328 б. : сурет. – (Жоғары білім).

Оқулық электрониканың негізін баяндауға арналған. Шалаөткіз- гіштерден жасалған аспаптардың, микроэлектроника элементтерінің жұмыс ұстанымдарының негізі болатын шалаөткізгіштер арасындағы түйістерде жүретін физикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне ерекше көңіл аударылған. Шалаөткізгіштен жасалған диодтардың, өрістік, қос өрістік транзисторларда, тиристорларда жүретін құбылыстар талданған. Екінші ретті қорек көздерінің, сүзгілердің, кернеу тұрақтандырғыштардың жұмыс ұстанымдары қарастырылған. Цифрлық құрылғылар ілімінің негізі, цифрлық құрылғылардың логикалық элементтері, тізбектелген, комбинациялық цифрлық құрылымдар туралы мәліметтер берілген. Әр параграфтан кейін баяндалған физикалық құбылыстардың, құрылғылардың жұмыс ұстанымдарының негізгі ерекшеліктеріне студенттің назарын аудару мақсатында қорытынды жасалған. Студенттің берілген ұғымдарды жете меңгеріп, баяндалған материалдарды қаншалықты түсінгендігі туралы мағлұмат алу мақсатында бақылау сұрақтары берілген.

Оқулық 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекомму- никациялар», 5В060400 «Физика», 5В072300 «Техникалық физика», 5В071300 «Транспорт, транспорт техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша күндізгі және сыртқы бөлімдерде оқитын сту- денттерге арналған. Магистранттарға да, докторанттарға да, оқыту- шыларға да, сәйкесті мамандықтар бойынша жұмыс істейтін инже¬нер-техник мамандарына да шалаөткізгіштен жасалған аспаптардың жұмыс ұстанымдарын жете біліп, қажетті жерлерде ұтымды пайдалануларына көмек көрсетер деген ойдамыз.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ