Оспанұлы, С. Ахметтану
83.3(5Қаз)6я2
О-78
Оспанұлы, С.
Ахметтану [Мәтін] / С. Оспанұлы, К. Мырзағалиева ; ҚР Білім
және ғылым м-гі, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік
ун-ті ; [ред. Д. Ихсан]. – Қостанай : Центрум, 2025. – 400 б. : сурет.
Кітапта әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, Алаш ардақтысы, түркітанушы, сыншы, теңдессіз ғалым А. Байтұрсынұлының атамекені, ата-бабалары, оқыған мектебі, ағартушылық жолындағы алғашқы адымы, аралас-құралас болған дос-жарандары жайында әңгіме қозғалады. Сондай-ақ жинаққа жолын қуған шәкірттері, замандастары, шет ел ғалымдарының ұлы ұстаз жайындағы ой-пікірлері топтастырылған.
Бұл еңбекті «Ахметтану» арнайы курсы және XX ғ. басындағы қазақ әдебиеті сабақтарында және мектеп оқушыларына факультатив сабақтарға пайдалануға болады.
Оқу құралы филологтарға, жоғары оқу орындары студенттері мен магистранттарға және жоғары сынып оқушыларына арналған.