Ұлт шырағы
76.125
Ұ 43
Ұлт шырағы [Мәтін] : «Qazagstan dauiri» газетіне – 30 жыл.
«Мөлдір бұлақ» журналына – 20 жыл / [жауапты ред. Е.
Айғалиұлы ; ред.: Е. Сахариев, Ш. Қасымханқызы]. – Алматы :
Akadem kitap, 2022. – 374 б. : сурет.
Тәуелсіздігімізден тура бір айдан соң дүние есігін ашқан «ZAMAN–Қазақстан» (қазіргі «Qazaqstan dauiri») газеті талай бұралаң жолдардан өтіп, бүгінгі күнге аман-есен жетті. 30 жыл ішінде бұл басылым қазақ халқының көзайымына айналды. Себебі ол халықтың тыныс-тіршілігін, мұң-мұқтажын тынбай жазды, қалың оқырманының сырласына айналды. 30 жылда 30 қалың дастан жазған халықаралық газет ұжымы өзінің шығармашылық айдынында әлі де замана желіне қарсы ақиқат желкенін керіп, алға қарай «Келешек үшін бәріміз жауаптымыз!» деген ұранмен тынбай жүзіп келеді. Газет шекпенінен шыққан балалар журналы «Мөлдір бұлақ» та 20-ға толып, «жігіт» жасына жетті. Бұл кітапта қос басылымның тарихы, шежіресі жазылып, ол игі тілектермен көмкеріліп, қадау-қадау мақалалардың қаймағымен әдіптеліп, оқырманына жол тартты. Сәт сапар тілейміз!