Кәрімхан, З. Отыншыдай ер қайда?
63.3(5Қаз)
К 25
Кәрімхан, З.
Отыншыдай ер қайда? [Мәтін] : Алаш қайраткері Отыншы
Әлжанұлының (1873–1918) өмірі мен шығармашылық мұрасы
архив құжаттары негізінде / З. Кәрімхан ; Қазақстан Жазушылар
одағы. – Алматы : Дәуір, 2024. – 236, [2] б.
Әдебиеттанушы ғалым Заңғар Кәрімханның «Отыншыдай ер қайда?» кітабына Алаш ұлт-азаттық қозғалысының аса көрнекті өкілі, Алаш Орда ұлттық кеңесінің мүшесі, әскери қолбасшы, ағартушы, публицист Отыншы Әлжанұлының (1873–1918) өмірі мен шығармашылығы арқау болған.
Тарихи, деректі проза жанрында жазылған еңбекте бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген, Ресейдің Омбы қаласының архив, сирек колжазбалар қорларынан табылған тың құжаттар мен мәліметтер жан-жақты талданып, сараланған. Өзгеше тағдыр иесі Отыншының өмірі мен шығармашылығы жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеліп, бағаланған.
Туындының тілі жеңіл, деректері нанымды, дәлелді.
Кітап ұлт тарихына ынтызар оқырманға арналады.