Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Батыс философиясының жаңа тарихы
87.3(0)
К 30
Кенни, Э.
Батыс философиясының жаңа тарихы [Мәтін] . Т. 1 : Антика философиясы / Э. Кенни ; [ауд.: Аязбекова А. С., Базарбай Н. Т., Рыскиева А. Ә.]. – 2-бас. – Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. – 408 б.
Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы
Рухани жаңғыру

Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пайымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған.

Сэр Энтони Кеннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, фило¬софия алауын христиан ғасырына табыстаған қасиетті Аугустинмен аяқталады. Тарихи баянның тақырыптық арқауы философияда туындаған сауалдарды келесі екі мыңжылдыққа мұра етіп кеткен және әр кезеңдегідей дәл бүгін де ықпалы бәсеңсімеген екі үлкен тұлға - Платон мен Аристотельге негізделген.

Бұл - Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетін орта үшін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың бірінші томы.

Сэр Энтони Кенни Британ академиясының президенті және Оксфорд университетінің ви¬це-канцлері болған. Ол ақыл философиясы, дін философиясы және философия тарихы жөніндегі көптеген танымал кітаптардың авторы, сондай-ақ Аристотель, Акуинолық Томас, Декарт және Витгенштейн шығармашылығы хақында ғылыми-көпшілік еңбектер жазған танымал ғалым.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ