Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Алтын адамның аманаты
63.3(5)
Ж 92
Жылқыбаева, М.
Алтын адамның аманаты [Мәтін] . Т. 3 : Есік қорғанның жаһандық құпиясы / М. Жылқыбаева. – Алматы : Нұрлы Әлем, 2019. – 608 б.

1970 жылы Есіктен ашылған Алтын адамның жазуы «оқылды» деген әңгіме осы жылдар ішінде әр жерде айтылып жүр. Алайда соның бірде-бірінде нақты мәлімет жоқ. Ойдан құрап жазған өтіріктер том-том кітаптарға айналып та үлгерді. Бірақ бірде-бір сөйлемінде қисын жоқ. Өйткені Алтын адамның өзі археологиялық табыс ретінде ой¬дан құралған өтіріктердің объектісі болуға тиіс емес. Атауы затына сай, заты болмысымен толысқан дүние болу керек. Қанеки ондай шығарма? Тарихты ойдан құрап, әбден дәндеген XX ғасырдың өкілдері Сақ дәуірінің мәліметтерін де біздің кездегі өтіріктен айнытпай теріп отыр.

Алтын адамның жазуын оқу үшін не керек? Бұндай үлкен іске ұмтылған кісіде соған сай білім болуы қажет. Екіншіден, Алтын адамның құпиясын шешу үшін ол өмір сүрген кезеңдегі Бабалардың тілін ұғып, затын танып алуға тиіссің. Ондай қабілет болмаса бүгінгі біздің замандағы білім деңгейімен, қазіргі тілмен Сақ дәуіріндегі жазуды қалай оқып, түсіне алмақсың?

Алтын адам жазуын оқып, шифрын ашқан автордың білімі фундаменталды ғылым саласынан. Екінші жағынан ол қазақ тілінің ерте дүниелік тамырына ерінбей үңілген зерттеуші. Сонымен бірге қазіргі заманғы әлемдік тілдерден де хабары бар. Сақ дәуіріндегі тұрғындарша ойланып, солардың өмірін көз алдыға әкеліп, болмысын түсінуге тырысқан автор Алтын адам жазуын оқығанына сенімді. Алтын адам бұл жерде шынымен де сөйлеп тұр. Жазудың шифрын ашып, мәтінді қазақшалағанда алынған мәліметтері жалғыз қазақ үшін емес, бүкіл адамзатты қуантарлықтай. Кім екені осы кезге дейін түсініксіз болып келген көне дәуірлік тұлғалардың талайы бұл жерде өз сырын ашып тұр. Осы жағы қуанарлық мәселе. Алтын адамның айтпағы өте тереңде екен. Соны жарыққа шығару үшін бұл кітаптың авторы 30 жыл уақыт жіберді.

Кітап қалың оқырман қауымға арналған.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ